Жеңіл чизкейк

3/5 (321 отзыв)
жеңіл чизкейк қазақша рецепт

Әуелі төмендегі чизкейктің рецептін жіберген шұғылтамақтың авторына үлкен алғысымды білдіремін! Рецепт жеңіл, ал чизкейктің дәмі болса – бір сөзбен айтқанда – керемет! «өлгенский» болды!

ҚҰРАМЫ

  • 200 гр печенье
  • 100 гр сары май
  • 400 гр ерітілген ірімшік (плавленный сыр)
  • 300 гр 9%-тік сүзбе
  • 10 ас қасық қант
  • 3 жұмыртқа
  • 200 гр қаймақ

Маған еш қосымшасыз оның қарапайым түрі ұнайды. А, сосын – ерітілген ірімшікті дұрыс алмаппын. Ірімшіктің кілегей сияқтысны жақсы. Сонымен, шағын ғана өзгерістерім тысында рецепт төмендегідей:
Алдыменен печеньені пакетке қойып, оқтаумен ұнтақтаңыз. Блендерге қойып үгітсеңіз да болады. Енді печеньеге еріген май қосыңыз.
Май мен печеньені жақсылап араластырыңыз. Енді шыққан қоспаны үсті алмалы формаға қойып, тығыздаңыз. Форманы тоңазытқыщқа қойыңыз.

Бөлек ыдыста ерітілген ірімшік, сүзбе мен 10 ас қасық қантты миксерлеңіз. Қант ыдыстың түбінде қалмай толығымен еруі керек.

Енді кезек кезегімен жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін миксердің орта жылдамдығымен араластыруды ұмытпаңыз.

200 гр қаймақ қосып, араластырыңыз. Бұл жолы ұзақ араластырудың қажеті жоқ. 1-2 минут қана қасықпен араластырсаңыз жетеді.

Печенье қоспаның үстіне сүзбе қоспасын төгіп салыңыз. Алдын ала қыздырылған духовкада 60-70 минуттай пісіріңіз.

Менікі 60 минутта пісті. Духовкадан шығарып суытыңыз. Суыған чизкейктің үстін жауып, 4-5 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Содан кейін ғана формадан шығарып, сервис жасаңыз. Ас болсын!

3/5 (321 отзыв)

АСПАЗҒА КЕҢЕС

Рецептте дайын чизкейктің үстін қалауыңыз бойынша шоколад немесе жемістермен сәндеуге болады денілген.
Бөлісу
Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on telegram
Telegram
Share on facebook
Share on whatsapp
Share on vk
Share on telegram
Жазылу
Уведомление о
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x