Кокос талшығынан печенье.

3/5 (238 отзывов)
кокос талшығынан печенье қазақша рецепт

Қандай да болсын печенье жасауда мен байқаған негізгі мәселелер: қолданатын заттардың барлығы бөлме температурасында болуы тиіс. Қант орнына қант пудрасын қолданған жақсы (печенье жұмсақ болып піседі). Мүмкіндігінше сары май қолдану керек. Разрыхлительді жұмыртқаның сарысымен алдын ала араластырып қойсаңыз печенье жақсы көтеріледі. Духовкаға печеньелерді 5-10 минуттік үзілістен кейін қойғанда печеньелердің іші жақсы піскен болады.

ҚҰРАМЫ

  • 200 гр сары май
  • 2 жұмыртқа
  • 1,5 ш.қ разрыхлитель
  • 5 ас қасық қант пудрасы
  • ұн (3,5 стакандай)
  • 200 гр кокос талшығы
  • 2 ас қасық крахмал

Жұмсартылған маргаринға қант пудрасы мен бір жұмыртқа және крахмалмен араластырыңыз. Екінші жұмыртқаның ағын бөліп қойып, сарысын разрыхлительмен араластырыңыз. Разрыхлитель қоспасын маргаринға қосыңыз. Кокос талшығы мен ұнды қосыңыз. 5 минуттай илеңіз. Енді аз-аздан алып, қалаған формада печенье жасаңыз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағыңыз. Қаласаңыз үстіне кокос талшығын сеуіп қойыңыз (менде кокос талшығы бітіп қалған болатын) – әдемі болады. 180 С ыстық духовкада үсті аздап қана қызарғанға дейін пісіріңіз.

3/5 (238 отзывов)

АСПАЗҒА КЕҢЕС

Печеньенің қытырлақтығы үшін – аздап крахмал қосып қойған жақсы.
Бөлісу
Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on telegram
Telegram
Share on facebook
Share on whatsapp
Share on vk
Share on telegram
Жазылу
Уведомление о
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x